Клиенттерге қолдау көрсету қызметі: 8 800 070 44 04
    ru kk

    Ravon брендінің тарихы:

    1992 – 2012: Uz-Daewoo Auto Co. ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУЫ

    1992 жылы Daewoo (Оңтүстік Корея) және "Узавтосаноат" (Өзбекстан) компанияларының арасында Өзбекстанда автомобиль өндірісінің құрылысы үшін Uz-Daewoo Auto Co. бірлескен кәсіпорнын құру туралы келісім жасалды.

    1996 жылы жаңа зауыттың ашылу салтанаты өтті, ол Daewoo - "NEXIA", "DAMAS", "TICO” секілді танымал үлгілерді өндіруді бастады.

    2001 жылы Matiz өндіру басталды.

    2002 жылы General Motors компаниясы Daewoo Motor акцияларының бақылау пакетін сатып алды және оның негізінде GM Daewoo Automotive and Technology (GM DAT) компаниясын құрды.

    2005 жылы «УзДэуАвто» бірлескен кәсіпорнында корей компаниясының үлесін сатып алды. Кейіннен серіктестің Nexia, Matiz, Damas үлгілеріне лицензия да сатылып алынды.

    2008 жылы Nexia-2 жаңартылған үлгісін шығару басталды. Осы жылы “УзДэуАвто” және General Motors жаңа бірлескен кәсіпорыны - "GM Uzbekistan" компаниясы құрылды. Өзбекстандағы зауытта Uz-Daewoo және Chevrolet брендтерімен заманауи үлгілердің өнеркәсіптік және ірі басты өндірісі жолға қойылды.

    2013 – 2015: GENTRA ШЫҒАРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ RAVON БРЕНДІН ШЫҒАРУ

    2013 жыл – бренд тарихының жаңа кезеңі. C-класының – Gentra жаңа үлгісін шығару. Барлық қажетті жабдықтармен жабдықталған, стильді, ойланып істелген эргономикамен, алайда бұрынғыша сапалы және бағасы бойынша қол жетімді заманауи автомобиль.

    2016 жылдың 14 шілдесінде – Жаңа Ravon брендінің таныстырылымы және жаңа топтаманың аңдатпасы өтеді..

    2017 жылдың 6 ақпанында – Көлік қатары RAVON R4 моделімен толықты..

    Ravon брендін шығару – заңды даму кезеңі, брендтің табысты дамуының растамасы. Жаңа, заманауи, технологиялық автомобильдерді ұсыну есебінен дамып келеді – алайда қолайлы бағасын сақтай отырып, тек сатып алушыларға нағыз қажеттілерді ғана.